Жұмабекова В.Н. 2008 ж. ҚР ҰҒАның академигі Н.Ж. Такибаевтың және Индиана университетінің профессоры М.У. Сноудың ғылыми жетекшілігінде ядролық физикасы кафедрасында “Ядролық физика” мамандығы бойынша «Төменгі температурада синтездеудің резонанстық реакцияларын зерттеу және олардың астрофизикалық құбылыстарға әсері» тақырыбында диссертациясын қорғап, физика саласында философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі берілді. 2006 жылы PhD докторантура экспериментальды бағдарлама бойынша Индиана университеттің Циклотрондық лабораториясында және NIST та «Нейтрондық зерттеулер орталығында» ғылыми стажировкадан өтті (Блумингтон, Индиана штаты. Гайзерсбург. Мариланд штаты, АҚШ). Жұмабекова В.Н. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетінде 2003 жылдан бастап лаборант дәрежесінен бастап, қазіргі кезде қатты дене және бейсызық физика кафедрасының доцент міндетін атқарушы. Ол оқытушылық қызметін 2008 жылдан бастап атқаруда, жұмыс істеу барысында ынталы және жауапкершілікті екенін көрсете білді. Ол физика – техникалық факультетінде материалтану, ядролық физика, техникалық физика және астрономия мамандықтарына «Оптика», «Материалдар өндірудегі технологиялық жабдықтар», «Жаңа материалдар», «Материалдар таңдаудың ғылыми негіздері» курстарын оқыды. Сонымен қатар Жұмабекова В.Н. өз мамандығы бойынша ғылыми жұмыс істейді, ғылыми – зерттеу конференцияларына белсенді қатысады, отандық және шетел баспаларында мақалалары бар. Ғылыми мақалалары шетелдік PhysRev C (2011), Nuclear Instruments and Methods in Physics Research (2011), Il Nuovo Cimento C (2012) және отандық Вестник КазНУ, Известия НАН РК журналдарында және де халықаралық конференцияларының еңбектерінде басылымнан шыққан.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
Каракалп.педагог.институт |
Высшее |
2003 |
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
---|---|---|
ДокторPhD |
Физика |
06.06.2008 |
Название файла |
Заголовок |
Описание |
---|---|---|
Новые материалы |
КМО по Нов№Материалы 2012-2013 |
|
Новые материалы |
СРС_Новые материалы |
|
Оптика |
Syllabus2012_оптика_Жумабекова |
|
Новые материалы |
Семинар 9 |
|
Новые материалы |
lecture 2 |
|
Новые материалы |
lecture 3 |
|
9
документам
4